Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды

16 Қыркүйек 2022, 07:21
830
Бөлісу:
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМҚК бүгін тек Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 қыркүйек тәулік бойы, 17 қыркүйек түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде, - деп жазды ведомство.

Айта кетейік, 16 қыркүйек сағат 21.00-ден 17 қыркүйек сағ. 09.00-ге дейін Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с дейін соғады. Ауа температурасы 12-14 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы