Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды

6 Желтоқсан 2023, 08:19
402
Бөлісу:
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы