Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды

25 Қазан 2023, 06:29
544
Бөлісу:
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

25 қазан, сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы