Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды

11 Қыркүйек 2023, 07:12
379
Бөлісу:
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

11 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбіде Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы