Бүгін синоптиктер 16 өңірде ескерту жариялады

31 Мамыр 2023, 07:35
743
Бөлісу:
Бүгін синоптиктер 16 өңірде ескерту жариялады
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 31 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 16 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады, жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі бар. 35-37 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Реклама

Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші - 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар.

Астанада найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы