Бүгін республиканың үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

7 Желтоқсан 2023, 08:12
446
Бөлісу:
Бүгін республиканың үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 7 желтоқсан, бейсенбі күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы