Бүгін республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

7 Маусым 2023, 06:43
439
Бөлісу:
Бүгін республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК сноптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы