Бүгін Қазақстанның халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 97 жыл толды

15 Маусым 2024, 10:10
799
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 97 жыл толды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін дирижер, Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына — 97 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шамғон Сағаддинұлы қазақ халық аспаптар оркестрінде домбырашы, жетекші домбырашы, кейін дирижер қызметін атқарды. 

Дирижер оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыка аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. 

Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды. 

Шамғон Сағаддинұлының дирижерлік өнері мен шығармашылығы халық назарында болды. Оның ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы