Бүгін Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

18 Қыркүйек 2022, 07:41
658
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 қыркүйек, жексенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Атырау, Павлодар және Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі) және Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы