Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

25 Мамыр 2023, 08:08
536
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: baq.kz

25 мамыр, бейсенбі күні 4 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

25 мамырда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы