Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа ластануы мүмкін

30 Қыркүйек 2022, 08:36
5766
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа ластануы мүмкін

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында – Астана, Алматы және Петропавлда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

2022 жылғы 30 қыркүйекте Астана, Алматы, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы