Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеоахуал қандай?

23 Маусым 2023, 08:10
464
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеоахуал қандай?
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 маусымда Ақтөбе, Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы