Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай болады?

21 Мамыр 2023, 08:10
1007
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай болады?
Фото: halyq-uni.kz

21 мамырда республиканың бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Өскемен, Риддер, Атырау мен Ақтауда атмосфера қолайсыз болады.

Синоптиктер мұндай жағдайда аталған қалаларда атмосфераға ластайтын заттар көп жиналуы ықтимал деп отыр.

Синоптиктер жағымсыз метеожағдай кезінде мынадай кеңес береді:

Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластанудың өзге де көздерінде болу уақытын қысқарту;

Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тарту;

Созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық аспан астында жүргенде қажетті дәрілік заттарын өздерімен бірге алып жүру;

Ашық ауада физикалық жүктемені шектеу. Спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан абзал.

Өзгелердің жаңалығы