Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

3 Қыркүйек 2023, 08:07
420
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
Фото: архив

3 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 3 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы Шымкент және түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы