Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

23 Мамыр 2023, 07:15
631
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
Фото: baq.kz

23 мамыр, сейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін республика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Тек Астана, Ақтау және Петропавл қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы