Бүгін Қазақ елінде алдағы 7 жылдың тағдыры шешіліп жатыр – Моңғолия қазағы

20 Қараша 2022, 14:00
806
Бөлісу:
Бүгін Қазақ елінде алдағы 7 жылдың тағдыры шешіліп жатыр – Моңғолия қазағы

 Моңғолия қазағы, альпинист Жанарбек Ақыби сайлауға барып өз өмірін, елін, жерін жауапты адамның қолына ұстатып жатқан сайлаушыларға алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақ елінде ендігі 7 жылдың тағдыры шешіліп жатыр. Сайлауға барып өз өмірін, елін, жерін жауапты адамның қолына ұстатып жатқан сайлаушыларға мың алғыс. Ойлаған адамдарыңыз президент болсыншы, былжырап орысқа жалтақтамай Қазақ деген ұлттың күні үшін жанын салсын. Қазаққа жаңа күн,  өркениетке бастар саяси тулға туса екен! Қазақ елі феодалдық саяси үңгір қоғамнан нарықтық қоғамға көшуге жан тәнімізбен тілейміз. Жаңа президент құтты болсын! Көк Туларың көкте асқақтап желбіресін! Тұлғаларыңды елге ұялмайтындай мақтауға лайық болсын, қазақ қазаққа жау болмаса екен. Аман болыңыздар, ел іші тыныш болсын! – деді альпинист, Моңғолия қазағы Жанарбек Ақыби.

Өзгелердің жаңалығы