Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 pixabay 12 Маусым 2026, 07:50
12 Маусым 2026, 07:50
1482
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

12 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған қаласында, түнде Алматы қаласында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Наверх