Бүгін кей өңірде күн суытып, жаңбыр жауады

9 Қазан 2022, 08:15
2011
Бөлісу:
Бүгін кей өңірде күн суытып, жаңбыр жауады

Қазгидромет 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон жырасында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады.

Еліміздің батыс жартысы антициклон жотасының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде батыста, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы