Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартутды ұсынады.

28 Қыркүйек 2026, 08:20
АВТОР
 pexels 28 Қыркүйек 2026, 08:20
28 Қыркүйек 2026, 08:20
146
Фото: pexels

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 қыркүйекке арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, күндіз Алматы және Орал қалаларында, түнде Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Қостанай және Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығын білдіреді. Оларға желдің әлсіреуі, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының уақытша нашарлауы ықтимал.

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартутды ұсынады.

Наверх