Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:11
99
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 27 желтоқсанға арналған ауа сапасының болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың мәліметінше, мұндай жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан туындайды. Бұл факторлар зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында шоғырлануына ықпал етеді.

Осыған байланысты аталған елдімекендерде ауа сапасының уақытша нашарлауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы