Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

18 Маусым 2025, 08:54
279
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

"Қазгидромет" РМК бүгін, 18 маусымда еліміздің үш қаласында ауа сапасының нашарлайтынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Өскемен, Алматы және түнде Астана қалаларында ауа ластанады.

Мұндай жағдайлар атмосферада зиянды заттардың шоғырлануына себеп болады. Бұған себеп – тымық ауа райы, тұман, жеңіл жел, инверсия сынды қысқа мерзімді метеофакторлар.

Мамандар атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертіп отыр. Осындай күндері тұрғындарға далада ұзақ болмау, денсаулығына сақтықпен қарау ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы