Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар спортпен және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысуға кеңес береді.

8 Тамыз 2026, 08:11
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 8 Тамыз 2026, 08:11
8 Тамыз 2026, 08:11
113
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 8 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында, ал түнде Атырауда күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейіне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температура сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

Мамандар спортпен және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысуға кеңес береді.

 

Наверх