Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

 BAQ.KZ архиві 13 Шілде 2026, 08:54
13 Шілде 2026, 08:54
137
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 13 шілдеге арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Өскемен, Риддер және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлап, ластаушы заттардың мөлшері артуы мүмкін. Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Наверх