Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

30 Маусым 2023, 08:44
349
Бөлісу:
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: Архив BAQ.KZ

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 маусымда Алматы, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы