Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

9 Мамыр 2025, 07:47
289
Бөлісу:
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгін, 9 мамырда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында және түнгі уақытта Атырау қаласында күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желдің әлсіздігі, тұман, инверсия және ауа райының тұрақтылығы. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы, яғни желдің жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық пен ауа температурасы.

Өзгелердің жаңалығы