Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

30 Қыркүйек 2023, 10:38
1100
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: BAQ.KZ

Қазгидромет ел аумағында 30 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарына қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түседі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, шығыста, күндіз орталықта екпінді жел күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы