Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

4 Қараша 2022, 08:10
2274
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Синоптиктер 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, қатты жаңбыр жауады, көктайғақ болады.

Метеорологтардың мәліметінше, 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстіктен жел соғады, облыс орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр, тұман, жел күтіледі.

Түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, Абай облысының орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігіндегі жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз шығыста солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы