Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының Алакөл көлдері аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с.