Бүгін елдің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

18 Желтоқсан 2023, 07:32
1456
Бөлісу:
Бүгін елдің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

18 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметіне сәйкес, 18 желтоқсанда еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы