Бүгін елдегі 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

5 Шілде 2023, 08:28
454
Бөлісу:
Бүгін елдегі 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 шілдеде Ақтөбе қаласында, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы