Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

13 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  13 Қыркүйек 2023, 08:25
13 Қыркүйек 2023, 08:25
1179

13 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сәрсенбіде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх