Бүгін екі қалада ауа ластанады

28 Мамыр 2024, 08:18
248
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа ластанады
Фото: BAQ.KZ.

Бүгін екі қалада – Алматы мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» мәліметіне сүйеніп.

2024 жылдың 28 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы