Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды

21 Қараша 2023, 08:10
376
Бөлісу:
Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 21 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы