Бүгін Дүниежүзілік кардиология күні

6 Шілде 2023, 13:45
1005
Бөлісу:
Бүгін Дүниежүзілік кардиология күні
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

6 шілдеде Дүниежүзілік кардиология күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңызды күн 2000 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен пайда болды.

Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысады.

Жүрек пен қан тамырларының ауыр ауруларының 90% -ында үнемі медициналық тексеруден өтіп, профилактика шараларымен айналысып, алдын алуға болады.

Қатты терлеу, дене салмағының тез өсуі, кеуде аймағындағы ауырсыну, жүрек ырғағының бұзылуы, бас айналу, арықтау, жүректің қатты соғу белгілері кезінде консультация алу үшін кардиологқа жүгіну керек.

Кардиологтар жүрек-қан тамырлары ауруларының бірнеше қауіп факторларын атайды. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: аз қимылдау, темекі шегу, семіздік, эмоционалдық күйзеліс, шамадан тыс тұз, алкоголь пайдалану, дұрыс тамақтанбау. Осы себептердің барлығы жүрек пен қан тамырларына салмақ түсіруге әкеледі.

Жыл сайын Қазақстанда алғаш рет 600 мың пациентте қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА) диагнозы қойылады және ҚЖА-дан 40 мың адам қайтыс болады.

Елімізде барлығы 57 медициналық ұйымда кардиологиялық, кардиохирургиялық және интервенциялық кардиологиялық көмек көрсетіледі, онда 848 кардиохирургиялық төсек және 3 800 кардиологиялық төсек орналастырылған.

Қанайналым жүйесі ауруларының скринингі бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында 30 859 пациент қаралды, 1 132 пациентте ҚЖА анықталды, 987 пациент диспансерлік есепке алынды.

2023 жылдың 1 тоқсанында ҚЖА бар 92 мыңнан астам пациент, 2022 жылы барлығы 335 мың пациент емделді.

Қазақстанда қанайналым жүйесінің аурулары, инсульт, сондай-ақ жарақаттар, атеросклероз және жүректің липидтер алмасуының бұзылуы кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша түрлі жол карталары жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы