Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

19 Қаңтар 2024, 07:33
365
Бөлісу:
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Архив BAQ.KZ

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, жұма күні Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы