Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

17 Қаңтар 2024, 07:55
359
Бөлісу:
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Бүгін, 17 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы