Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

7 Ақпан 2024, 08:19
445
Бөлісу:
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: BAQ.KZ архив

7 ақпанда Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, мегаполисте күн соңына қарай жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ ауа температурасы 3-5 градус нөлден жоғары болады.

Мегаполистегі метеорологиялық жағдай атмосфераға ластаушы заттардың жиналуына себеп болады. Ел өңіріндегі қалған қалаларда жағымды метеожағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы