Бүгін ауа райы қалай болады?

26 Сәуір 2024, 10:17
171
Бөлісу:
Бүгін ауа райы қалай болады?
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазгидромет 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады. Елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Өзгелердің жаңалығы