Бүгін - Әсет Бейсеуовтің туған күні

13 Қазан 2023, 17:17
736
Бөлісу:
Бүгін - Әсет Бейсеуовтің туған күні
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Музыка мәдениетінің көректі өкілі Әсет Бейсеуовтің туғанына 85 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақстанның Халық артисі – Әсет Көпбайұлы Бейсеуовтің туған күні. Қазақ музыка мәдениетінің біртуар көрнекті өкілі 1938 жылы 13 қазанда Алматы облысының Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 

Ұлттық мәдениетіміздің сахна саңлақтарына сара жол сілтеп, дамуына үлес қосқан өнердің даңқты майталманы көзі тірі болғанда 85 жасқа толар еді... 

Композитордың «Шақырады көктем», «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар» секілді туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енген.

Өзгелердің жаңалығы