Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

27 Қыркүйек 2023, 08:25
433
Бөлісу:
Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

27 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше,27 қыркүйек, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Павлодар, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы