Бүгін Алматыда ғана ауа сапасы нашарлайды

3 Желтоқсан 2023, 08:49
527
Бөлісу:
Бүгін Алматыда ғана ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 желтоқсанда Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін тек Алматы қаласында қолайсыз метеоахуал күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы