Бүгін Алматы мен Атырауда жайсыз метеожағдай қалыптасады

26 Қазан 2023, 07:29
441
Бөлісу:
Бүгін Алматы мен Атырауда жайсыз метеожағдай қалыптасады
Фото: архив

26 қазан, бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, бейсенбі күні Алматыда және түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы