Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

17 Қараша 2023, 07:44
391
Бөлісу:
Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

17 қараша, жұма күні Қазақстан аумағының барлық дерлік бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, бүгін ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы