Бүгін «Алматы» ауданы 25-жылдық мерейтойын атап өтеді

5 Мамыр 2023, 15:09
956
Бөлісу:
Бүгін «Алматы» ауданы 25-жылдық мерейтойын атап өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

5 мамыр күні «Алматы» ауданы өзінің 25-жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1998 жылы 6 мамыр күні Астана қаласында «Алматы» ауданының негізі қаланған болатын. Осыған орай «Алматы» ауданы әкімдігімен 25 жылдық мерейтойға орай 5 мамыр күні мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Іс-шара бағдарламасында аудан әкімінің құттықтауы, «Алматы» ауданы туралы фильмнің көрсетілімі болады.

Мерекелік концертте ҚР еңбек сіңірген әртістері: Алтынай Жорабаева, Бауыржан Исаев, Нұрболат Арзамас, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Қайрат Нұртас және Ибрагим Ескендір, сонымен қатар «Гүлдер» би ансамблі мен жас домбырашылар ансамблі өз өнерін көрсетеді

Шара Бейбітшілік және келісім сарайында  (Тәуелсіздік даңғылы, 57) 5 мамыр сағат 18.00-де өтеді.

Өзгелердің жаңалығы