Бүгін – Алғыс айту күні

1 Наурыз 2022, 08:04
4230
Бөлісу:
Бүгін – Алғыс айту күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 

Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет - еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды. 

Жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті.

Өзгелердің жаңалығы