Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

1 Қыркүйек 2022, 07:40
3496
Бөлісу:
Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК болжамына сүйеніп.

1 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі) және Риддер (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы