Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

2 Қыркүйек 2022, 07:46
736
Бөлісу:
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Жұма, 2 қыркүйекте Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі) және Риддер (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы