Бүгін 7 қалада ауа ластанады

20 Қыркүйек 2023, 08:35
527
Бөлісу:
Бүгін 7 қалада ауа ластанады
Фото: архив

Бүгін еліміздің 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы мәліметті «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

20 қыркүйекте Павлодар, Риддер, Семей, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, түнде 20 қыркүйекте Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы