Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

18 Ақпан 2024, 07:50
1028
Бөлісу:
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Дегенмен, 18 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, бүгін еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Петропавл, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы