Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

22 Тамыз 2023, 08:07
763
Бөлісу:
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

22 тамыз, сейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Дегенмен, Астана мен 5 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін Ақтау, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында ауа сапасы ластанады.

Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы